Оңтүстік Африкадан шыққан әуесқой инженер мен блогер бірегей дрон ойлап тапты. Құрылғы аккумуляторсыз, тек күн сәулесінің қуатымен ұша алады.
Жеңіл әрі берік материалдан жасалған ұшу құрылғысының үстіне орнатылған 27 шағын панел күн энергиясын тікелей қозғалтқышқа жіберіп, дронның үздіксіз әуеде қалықтауына мүмкіндік береді. Бұл қуат дронға жел екпіндеріне қарсы тұрып, тұрақты түрде шеңбер бойымен ұшуға жеткілікті. Өнертапқыштың айтуынша, дронның келесі нұсқасы қазіргі үлгіден әлдеқайда тиімді әрі ұшу ұзақтығы бойынша әлемдік рекорд орнатуы мүмкін.