Ақмола облысында көктайғақтың алғашқы күнінде мыңнан астам көліктің қозғалысы шектелді. Ауа райына қарамастан жазғы дөңгелекпен жолға шыққан жүргізушілердің барлығы кейін қайтарылды, деп өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауа-райының күрт нашарлауына және көктайғақтың болуына байланысты Ақмола облысының полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Бұл күні аймақ жолдарындағы қауіпсіздікті 200-ге жуық патрульдік полиция қызметкері қамтамасыз етті.

Полицияның ақпараты бойынша, тек бірінші күні 1064 көліктің қозғалысы шектелген. Жүргізушілер ескертулерге қарамастан жазғы шиналармен жолға шыққан.

Мұндай жағдайлардың ең көп саны облыстық және республикалық трассаларда — 430 факт, Көкшетау облыстық орталығында — 100 — ге жуық, қалғандары аудандық жолдарда тіркелді.

"Бірнеше рет ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізушілер жазғы шинамен шығуға тәуекел етті. Қабылданған шаралар мен патруль жұмыстарының арқасында бұл күні зардап шеккендермен немесе қаза тапқандармен бірде-бір ЖКО тіркелген жоқ", — деп атап өтті Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Абуталипов.

Айта кету керек, полицейлер жолдарда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге де көмек көрсетті.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін автоның дөңгедегін уақытылы "ауыстыруға", жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтауға, ал қолайсыз ауа — райы жағдайында ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз