Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске «некеге мәжбүрлеу» туралы жаңа бап енгізілгелі бері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында 7 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу дерегіне сәйкес, ұсталған күдіктілерге қатысты 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.