Алматыдағы ЖЭО-2 (ТЭЦ-2) 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін газға көшіріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, бүгінде станса тәулігіне Екібастұздың күлі тұрғысынан зияны жоғары 80 вагон көмірін жағып отыр, бұл қаланың ауа сапасын нашарлатып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді.

«Келер жылдың 31 желтоқсанында ЖЭО-2 газбен жұмыс істейді. Бұл – үлкен ілгерілеу», деді Мәжіліс депутаты.

С.Пономаревтың сөзінше, Siemens тапсырысы бойынша турбиналар мен қазандықтар АҚШ-та жасалып, Атлант мұхиты мен Қытай арқылы Алматыға жеткізілген. Қазіргі уақыттта жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ales.kz

Энергетика министрлігінің бұрынғы мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Алматының ЖЭО-2 толықтай газға көшіп, қуаты 557 МВт-қа дейінгі парогазды қондырғы (ПГУ) іске қосылып, нәтижесінде зиянды нәрселердің шығарындылары жылына 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды.

Жобаның құны мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 388 млрд теңгені құрап отыр.