Шығыс Қазақстан өңіріндегі Өмеш асуы арқылы өтетін жолда көлік қозғалысы шектелді , деп жазады Egemen.kz.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу 5 қараша сағат 08:00-ден бастап күшіне енеді.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 46-66 шақырымындағы учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл шектеу қыстың соңына дейін сақталады», делінген ақпаратта.