Елордада 7 қараша күні сағат 13:30-да «Esil University» ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәрмеңкені Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, қалалық Еңбек мобильділігі орталығы және «Esil University» бірлесіп өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтар мен оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілер мен кандидаттардың тікелей байланысын орнату.

Жәрмеңке барысында компаниялар өз қызметін таныстырып, бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ, олар ең лайықты кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өз кезегінде жұмыс іздеушілерге HR-менеджерлермен сұхбаттасуға және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріледі.