Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Таразда 91 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау — әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады.

Жамбыл даңғылында полицейлер бірнеше ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам жылдамдықты бірнеше рет асырған және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемеген.

Жүргізуші “Қорғау” интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылаудың тиімділігін арттырады.

Мұндай цифрландыру және заманауи технологиялар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналуда. Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.