Бұл туралы Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті.

Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқарма мәліметінше, "СК MEGARON" ЖШС Б.Хмельницкий көшесінен бастап Тәжібаев, Бакинская, Физули көшелері арқылы Майлин көшесіне дейінгі, сондай-ақ Мыңбаев және Манас көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын орындаған.

"Алатау ТН" ЖШС техникалық қадағалауының өтініші негізінде басқарма тарапынан мердігерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты "СК MEGARON" ЖШС-нің құрылыс лицензиясы кері қайтарылды", – делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.