Threads әлеуметтік желісінің Зере Махамбеталиева есімді қолданушысы танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары үшінші баласына жүкті екенін хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Айтсам өсек болып кетеді. Жанымдағы келіншектің енесі Тұрсынбектің тоқалының анасымен бірге жұмыс істейді екен. Палатада отырып осыны сөз еттік. Сол келіншек енесінен бұл әңгімені 2–3 жыл бұрын естігенін, бірақ сенбегенін айтты. Енесі тіпті суретін де көрсетіпті. Қазір тоқалы үшінші баласына аяғы ауыр, жуырда Меккеден оралған. Тұрсынбек оған шуба сыйлап, Астанадан үй алып беріпті. Екеуі сол жақта бірге тұрады екен. Енесі Қызылордадағы ауруханада зейнетке шығуға дейін жұмыс істеп жүр, кейде демалыс алып, жиі қалатын көрінеді», – деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың бірінші жары Мөлдір Мұқанова YouTube-пен сұхбатында әзілкешпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын.