Қар күреу жұмысына қаланың алты ауданында 900-ге жуық арнайы техника мен 2,5 мыңға тарта жол жұмысшы жұмылдырылған.

Елордада алғашқы қар жауды. Осыған байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жүретін орындар тазаланады. Кейін жұмыс аула ішілік аумақтарда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.

Жолдар мен жаяу жүргіншілер аймағына көктайғаққа қарсы реагенттер себіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ауа райы нашарлаған кезде алыс сапарларға шықпауды сұрайды.