Баянауылда алай-түлей боран. Қарағанды – Павлодар тасжолын қар басып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат көпшілікті алаңдатып қойғаны рас.
Жаз шыққанда табиғаттың мұндай тосын мінезін ешкім де күтпеуі заңды. Дегенмен бұл хабар шындыққа жанаспайды. Stopfake жобасының сарапшысы Виктория Гавриш жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 274-бабымен қудаланатынын айтады.
Шындыққа жанаспайтын деректерді желіге жүктеп, таратқандар 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Тіпті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Stopfake порталы қоғамды дүрліктірген ақпаратты жоққа шығаруға мүдделі. Бұл үшін құзырлы органдармен тығыз байланыс орнатқан. Өйткені жалған ақпаратты неғұрлым жылдам жоққа шығару маңызды. Бұған әдетте бір күн жұмсалады. «Ал қарапайым азаматтар сыни тұрғыда ойлау дағдысын дамытып, жалғанды шындықтан ажырата білуге машықтануы қажет», – дейді мамандар.
Виктория Гавриш, Stopfake жобасының сарапшысы:
- Интернетте көп тарап кеткен жалған ақпараттардың алғашқы таратушысы кім екенін анықтау қиын. Сол себепті құқық қорғау органдарына шағымдана да алмайсыз. Бірақ ақпарат нақты бір адамға не ұйымға қатысты болса, оны жоққа шығаруға болады. Жалпы жалған ақпаратты таратқан адамдар анықталса, жауапкершілік арқалайды.