3 қараша сағат 16:00-ден бастап Ақмола облысындағы тасжолда көліктің барлық түрі үшін жылдамдықты 80 км-сағаттан асырмау талап етіледі. Бұған ауа райының нашарлауы себеп болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

"2025 жылғы 3 қараша сағат 16:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19–231 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетіледі", — делінген хабарламада.

Жылдамдық режимі 2025 жылғы 3 қарашада сағат 21:00-де қайта қалпына келуі мүмкін. Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз