Астана – Қостанай рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды .
FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
FS7341 рейсімен ұшқан әуе кемесі Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшып шыққан әуежайына мәжбүрлі түрде қайтып келген.
"Кейінірек рейс те Қостанай әуежайының уақытша жабылуына байланысты кейінге шегерілді — ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ FS7342 Қостанай – Астана рейсі де ұшақтың Қостанайға кеш келуіне байланысты өзгертілді. Еске саламыз, FlyArystan рейстері айналымдық схема бойынша орындалады, сондықтан бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер етуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Астана – Қостанай рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды. Ал кері бағыттағы FS7342 рейсімен ұшуы тиіс жолаушылардың өтініші бойынша олар қонақүйге орналастырылды.
Қостанайға ұшу бүгін, 3 қараша күні сағат 17:05-ке жоспарланған, ал Қостанайдан Астанаға қайтар рейс – сағат 18:50-де.