Ел аумағында қар жауып, кей өңірлерде көктайғақ болып жатыр.
Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр аралас қар жауа бастады. Полиция қызметкерлері жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысы қиындап, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі артып отыр.
"Осыған орай тәртіп сақшылары көлік иелеріне қыс маусымына алдын ала дайындық жүргізуді ұсынады: жазғы дөңгелектерді қысқы түріне ауыстыру, жылдамдықты азайту және арақашықтықты сақтау қажет", – деп ескертті жол сақшылары.
Полиция барлық жүргізушіні жолда аса мұқият болып, ауа райы жағдайын бақылап отыруға шақырды.