Жырақта жүрген отандастырымыздың да еңбек құқығын қорғау басты назарда. Көші-қон комитеті қазір бұл мәселе бойынша бірқатар келісімдерді жүзеге асырып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері 150 мыңнан аса қазақстандық шетелде еңбек еткен. Оның 130 мыңға жуығы Ресейде жұмыс істесе, 15 мыңнан астамы Оңтүстік Кореяда, 2 жарым мыңы Польшада және мың жарымға жуығы Ұлыбританияда қызмет атқарған. Басым бөлігі — ер азаматтар. Бұл деректер еліміздің шет мемлекеттегі мекемелерінде консулдық есепте тұрған азаматтардың мәліметі негізінде алынған.

2025 ж. ІІІ тоқсаны қорытындысы – 156 718

Ресейде — 128 868

Оңтүстік Кореяда — 15 231

Польшада – 2 587

Ұлыбританияда – 142

Нұрсұлтан Асқарбек, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің басқарма басшысы:

- 2025 жылы 12 ақпанда Ұлыбританиямен «Маусымдық жұмысқа баратындардың құқықтарын қорғауға» арналған меморандум қол қойылды. Қатар мемлекетімен бүгінгі таңда процедура ратификация жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Сенат және Мәжіліс Парламенттерімен келісілді. Мемлекет басшысына жолданды. Біріккен Араб Әмірлігіне қатысты келісім қаралып жатыр.

Ел азаматтары жұмыс бабымен жиі баратын Оңтүстік Корея мемлекетімен де еңбек құқығын күшейтуге қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұл мақсатта Корея тарапы визалық орталық пен алдын-ала даярлау курстарын ашуды талап еткен. Мұндай орталық, комитет өкілінің сөзінше, қазір Қонаев қаласында іске қосылған. Енді екі жақты меморандумға қол қойылса, отандастарымыз Қонаев қаласы арқылы тікелей Корея республикасына жұмысқа орналаса алады. Бұдан бөлек Словакия, Жапония мемлекеттерімен де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келісім сәтті өтсе алдағы уақытта азаматтарымыз бұл елдерде де еңбек етуге мүмкіндік алмақ.