Қаржы министрінің бұйрығымен автомобиль көлігін және ондағы тауарларды мемлекеттік кірістер органдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлігін басқарушы тұлға жүзеге асыратын сақтау орнына жеткізу және ұсталған автокөліктерді тасымалдау Қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ережелер келесі тәртіпті анықтайды:
- ұтқыр топтың құрамына кіретін мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының (бұдан әрі – лауазымды адам) сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам (бұдан әрі – жүргізуші) жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу;
- ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібін айқындайды.
Сақтау орнында кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде лауазымды адам:
- жүргізушіге нысан бойынша автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты;
- автомобиль көлік құралын сүйемелдеуді жүзеге асыратын лауазымды адамға жүргізуші ұсынған автомобиль көлік құралына және ондағы тауарларға құжаттарды, осындай құжаттарды қабылдап алу-беру актісі бойынша табыс етеді.
Сақтау орны деп автомобиль көлік құралы тоқтаған жерге жақын орналасқан кедендік бақылаудың тұрақты немесе уақытша аймақтары түсініледі.
Автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізуді сүйемелденетін автомобиль көлік құралында немесе мемлекеттік кірістер органының көлік құралында жүзеге асырылатын лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен жүргізуші жүзеге асырады.
Сүйемелдеу кезінде лауазымды адамдармен фототүсірілімді, аудио- және бейнежазбаны жұзеге асыратын кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолданылады.
Бұл ретте сүйемелдеу уақытының басталуы нысан бойынша автомобиль көлік құралын тоқтату туралы акт жасалған сәттен бастап 6 (алты) сағаттан аспайды.
Сүйемелдеу автомобиль көлік құралдарының түріне, санына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ сүйемелдеуді жүзеге асыру тиімділігіне әсер ететін өзге де факторларға, оның ішінде жүру маршрутына, қозғалыс жағдайларына, автомобиль көлік құралдарының техникалық жай-күйіне және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жүзеге асырылады.
Сүйемелдеу басталар алдында ұтқыр топтың аға наряды жеке құрамға оның нәтижелерін танысу парағына тіркей отырып, ауызша нысанда нұсқаулық жүргізеді, жеке құрамның денсаулық жағдайы мен тапсырмаларды орындауға дайындығы, жабдықтардың болуы мен жарамдылығын, сондай-ақ жабдықталған көлік құралдарының техникалық жағдайын тексереді.
Лауазымды адамдар бір сүйемелдеуге 10 (оннан) аспайтын автомобиль көлік құралын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Автомобиль көлік құралын сүйемелдеу туралы ақпарат кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапта көрсетілген автомобиль көлік құралын жеткізу уақыты басталғанға дейін жедел байланыс арналары арқылы беріледі және күнтізбелік жылға арналып жүргізілетін сүйемелденетін автомобиль көлік құралдарының арнайы есеп журналына енгізіледі.
Қозғалыс және тоқтаған кезінде лауазымды адамдар жол жүрісі қағидаларын сақтай отырып, оның ішінде айналадағы жағдайды және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді фото, аудио- және бейне тіркеуді жүргізеді және белгіленген маршрут бойында сүйемелденетін автомобиль көлік құралына бақылау жасайды.
Сүйемелденетін автомобиль көлік құралдарының біреуі бұзылған, авария немесе еңсерілмейтін күштер әсер еткен кезде лауазымды адамдар жүргізушіге оның міндеттерін орындауға көмектеседі.
Сақтау орнына келгеннен кейін автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды, сондай-ақ оларға арналған құжаттарды кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам жеткізілген автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі негізінде қабылдап алады.
Жеткізілген автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі күнтізбелік жылға арналып жүргізілетін арнайы тіркеу журналында тіркеледі.
Автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты жүргізуші автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды талапта көрсетілген сақтау орнына жеткізген сәттен бастап орындаған болып есептеледі.
Жүргізуші автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу туралы талапты орындаудан бас тартқан немесе осындай талапты орындамаған жағдайда, лауазымды адам:
- нысан бойынша автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты орындаудан бас тарту туралы акт жасайды.
Жүргізушінің автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талапты орындаудан бас тартуы аудио- және бейнежазба арқылы тіркелуге тиіс;
- автомобиль көлік құралын және ондағы тауарлар мен құжаттарды ұсталуды жүзеге асырады.
Ұсталғаннан кейін лауазымды адамдар ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарлар мен құжаттарды сақтау орнына басқа көлік құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып тасуды (тасымалдауды) ұйымдастырады.
Бұл ретте лауазымды адам сәйкес нысан бойынша ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды тасу (тасымалдау) туралы акт жасайды.
Ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды тасу (тасымалдау) кезінде лауазымды адамдар кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданады, оның ішінде айналадағы жағдайды және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді фото, аудио- және бейне тіркеуді жүргізеді және Жол жүрісі қағидаларын сақтай отырып белгіленген маршрут бойы сүйемелденетін автомобиль көлік құралына бақылау жасайды.
Ұсталған автомобиль көлік құралын тасуға (тасымалдауға) басқа көлік құралы (эвакуатор) болмаған жағдайда, лауазымды адамдар фототүсірілімді, аудио- және бейне жазбаны жүзеге асыратын техникалық құралдарды пайдалана отырып, мұндай көлік құралдарының жетекші ось дөңгелектеріне бұғаттағыш орнатады, бұл туралы нысан бойынша ұсталған автомобиль көлік құралдарын бұғаттау туралы акт жасалады.
Лауазымды адамдар осындай көлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етілгеннен кейін ұсталған автомобиль көлік құралының жетекші ось дөңгелектеріне орнатылған бұғаттағыштарды алады.
Сақтау орнына келгеннен кейін ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды кедендік жете тексеруді және (немесе) кедендік қарап-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам ұсталған автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі негізінде қабылдайды.
Ұсталған автомобиль көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі күнтізбелік жылға арналып жүргізілетін арнайы тіркеу журналында тіркеледі
Ұсталған автомобиль көлік құралдарын тасу (тасымалдау) осындай көлік құралдары сақтау орнына жеткізілген сәттен бастап орындаған болып есептеледі.
Жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) немесе сот тәртібімен мемлекеттік кірістер органдарының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға (дау айтуға) құқылы.
Бұйрық 2025 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.