Өзбекстан аумағында түнде жер сілкінісі тіркелді . Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық сейсмоболжау мониторингі орталығының мәліметінше Сухандария облысында ол 5 баллға жеткен.

Қашқандария мен Самарқанд өңірлерінде магнитуда 3-4 баллды көрсеткен. Жергілікті тұрғындар жаппай далаға шығып, апат сейілгенше ашық жерді паналаған. Зардап шеккен адамдармен бүлінген ғимараттар тіркелген жоқ- дейді төтенше жағдайлар министрлігі. Жерасты дүмпуінің эпиорталығы Ташкенттен 557 шақырым қашықта жатқан Ауғанстан аумағында тіркелді.