Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатын қолдауға дайын болу қызметіне арналған шекті тарифтер бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, электр қуатын қолдауға дайындық қызметінің шекті тарифтері мынадай мөлшерде белгіленді:
- 2026 жыл – 1 170 мың теңге/МВт;
- 2027 жыл – 1 355 мың теңге;
- 2028 жыл – 1 435 мың теңге;
- 2029 жыл – 1 510 мың теңге;
- 2030 жыл – 1 585 мың теңге;
- 2031 жыл – 1 665 мың теңге;
- 2032 жыл – 1 745 мың теңге/МВт.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.