Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ЖАП-тың мәліметінше, нысан бұған дейін жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілген, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған.

"Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро" ШЖҚ КМК балансына берілді", — делінген хабарламада.

Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз