Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Өңір әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашадан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Қанат Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 "Досанов" шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, Megaron & K ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы қыркүйектен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз