Вьетнамның орталық аймақтарында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, кемінде 28 адам қаза тапты, 11 адам із-түзсіз жоғалған.

Апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге Хюэ, Хой Ан және Да Нанг қалалары кіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кей жерлерде тәулік ішінде рекордтық мөлшерде жаңбыр жауған.

Су тасқыны салдарынан жолдар мен үйлер су астында қалды, ал электр желілері мен байланыс жүйелері істен шыққан. Құтқару қызметтері тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіруді жалғастырып жатыр.

Вьетнам билігі табиғи апат аймақтарында төтенше жағдай жариялап, гуманитарлық көмек көрсетуді бастады.