Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева желіде ер адаммен түскен суретін жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік өнер иесінің жеке өмірінде жақсы жаңалықтар болғанын болжап жазуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева елду шулатқан фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Суретте ер адамның әншіні құшақтап, маңдайынан сүйіп тұрғанын көруге болады.

Өнер иесі бұл жолы оқырмандарына жұмбақ қылмай, қасындағы азаматтың кім екенін ашық жария етті. Ахмадиевамен фотода тұрған белгілі тележүргізуші Талғат Байғұжинов болып шықты.

Алайда бұл суреттің нақты не мағына беретіні әзірге көпшілікке белгісіз. Тележүргізуші де бұл суретті бөлісіп, жүрек белгісін қалдырып кеткен.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз