Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Отандық спортшы турнирдегі алғашқы кездесуінде америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Матч 58 минутқа созылды.
Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Серена Уильямс тобына түскен қазақстандық теннисші келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) өткізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз