Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

“ҚазАвтоЖол” Абай облысының жүргізушілеріне үндеу жасады

“ҚазАвтоЖол” Абай облысы жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолда абай болуды ескертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

“ҚазАвтоЖол” өкілдері 1 қараша күні сағат 20:00-ден 5 қараша күні сағат 20:00-ге дейін аймақта күн райына байланысты ескерту жариялады.

“4 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады күтіліп отыр. 5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/c-қа, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с-өа жетеді. Ауа температурасының 5 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі”, — , делінген ресми хабарламада.

Ұлттық компания өкілдері көлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға үндеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз