Әлеуметтік желіде блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау туындады. Қолданушылар оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан әдепсіз, қорлайтын сөздеріне наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды. Скриншоттарда ол әйелін "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.
"Бәрібір сені ешкім жақтырмайды. Ажырасқан, көшедегі біреудің ермегісің ғой, болды. Өзіңнің өміріңді сүр, тыныш қана. Менің жағдайым шүкір, Аллаға сендерден жақсы. Жұмыс істе, тауарыңды сат. Үйіңді асыра. Менің оған не қатысым бар? Далада қаңғып жүргенің өзіңнен. Сенен алатынымды баяғыда-ақ алып қойғанмын. Зарламай, жұмысыңды істе одан да. Мен сен сияқты лағып жүрген жоқпын. Үйіңе де, өзіңе де пайдаң жоқ. Сен жай ғана көшедегі әркімнің бір тряпкасысың. Он бала тусаң да, маған қадірің жоқ, сенікі бір тиын. Кеттің бе, тыныш кет. Әркімге зарламай-ақ қой. Сенің сұлу болғаның кімге керек, ішінде былығың толып жатса? Сұлу дейтіндей де емессің ғой. Көрдің қой, сенен жақсы қыздар көп. Есік көрген қызды ешкім бағаламайды. Сол үшін осылай қаласың, әркімнің біреуі болып. Шылп өзіңе көп алма, не қылса?!. Аулақ жүріңдер, “сигандар”. Қаңғыған, көшедегі біреулер, менің тегім емес", – деп ауыр сөздер жазған.
Бұны жариялаған соң Фариза оқырмандарынан жылы тілектер естіп, қолдау тапқан.
"Бұлай шулап кетеді деп ойламадым, әсіресе, тредс шулап жатыр. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рахмет. Директе бәрін оқып жатырмын", — деп жазды Фариза.