Астананың тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана қаласында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескертті.
"Жолға шығар алдында көлік жүргізушілеріне ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау ұсынылады. Сонымен қатар Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуға тиіс.
Астанада ауа температурасының төмендеуі әдетте ерте басталатынын ескерсек, шиналарды желтоқсан айына дейін ауыстырып үлгеру маңызды. Осыған байланысты полиция көлік иелеріне қысқы маусымға алдын ала дайындалуды және барлық қажетті қауіпсіздік шарасын сақтауды ұсынады. Жолда абай болыңыздар!", — делінген ІІМ хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2303928-politseiler-elorda-zhurgizushilerine-aua-raiynyng-nasharlauyna-bailanysty-undeu-zhasady/