Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылында 1 қарашада түнде әйел адам терең шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұңқырдың тереңдігі төрт метрден асады.

Оған Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп жетті.

"Құтқарушылар альпинистік құралдарды пайдалана отырып, шұңқырдағы зардап шеккен әйелге тез жетті. Олар оны зембілге салып, жоғары шығарды. Содан кейін әйел адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман сақталды", делінген хабарламада.

Зембіл, әйел адам, Жамбыл облысы, Айшабибі ауылы, шұңқыр, сурет — Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 09:19

Бұған дейін елордалық құтқарушылар 2025 жылғы 30 қазанда қайғылы жағдайдың алдын алғанын жазғанбыз.