Қазақстанның триатлон құрамасы Иорданияның Акаба қаласында өткен U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионатында екі медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

U23 санатында ерлер арасында Егор Крупяков қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Александр Тен – төртінші, Арлан Жанабай – бесінші, Максим Шмулич – алтыншы орынға тұрақтады.

U19 санатында Елмұрат Қанай бесінші, Қуаныш Бекенов жетінші, ал Илья Крупляков 13-орынды иеленді (Астана).

Ал қыздар арасындағы U19 санатында Диана Ержанова қола медаль жеңіп алды.