Қылмыстық іс ұлттық және діни алауыздықты қоздыру бабы бойынша қаралып жатыр.
Қазақстан полициясы әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды", – деп мәлімдеді полициядан.
Еске салайық, әлеуметтік желіде қырғыз халқын қорлайтын сөздер айтылған бейнероликтер таратқаны үшін Екатерина Биволдың үстінен іс қозғалған болатын.
Осыған байланысты Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды және оған халықаралық іздеу жариялаған.
 
                        