Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойында " Қайрат " та, "Семей" де ұпай жоғалтты.

Алматылық клуб португалиялық "Спортингпен" кездессе, семейлік команда франциялық "Этуальға" қарсылас атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында "Қайрат" португалиялық ұжымның қақпасына небәрі 2 доп ғана дарыта алды, ал өз қақпасына бақандай 7 гол жіберді. Қорытынды есеп – 2:7.

Бұған дейін қазақстандық клуб Хорватияның "Ново Вриеме" командасын 3:2 есебімен жеңді. Топтағы үшінші кездесуі 1 қарашада "Приштина" (Косово) клубына қарсы өтеді.

Сонымен қатар, "Семей" футзал клубы да екінші кездесуінде франциялық "Этуаль" командасынан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп – 3:4.

Енді қазақстандық команда 1 қараша күні үшінші топтағы соңғы ойынында "Пальма" (Испания) клубымен өзара мықтыны анықтайды.

Кеше "Қайрат" пен "Семейдің" сенімді жеңіске жеткенін жазған едік.