Қазақстанда 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ақорда.

Бүгінде елімізде 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр. Мемлекет басшысы алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті айтарлықтай арттыру қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, 2029 жылға қарай шетелдік студенттер саны 100 мыңға жетуге тиіс.

Айта кетейік, бүгін президент "Қазақстан – академиялық білім аймағы" халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып, сөз сөйлеген.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Қызылордадағы сапарын "Қорқыт ата" әуежайын аралаудан бастады