Алматы облысында кәмелет жасқа болмаған жігіт 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстың полиция департаменті болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Соттың санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған күдіктіні тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болатынын атап өтті.