«Қазақстан жастары» аналитикалық баяндамасына сүйенсек, елдегі жастардың 32,4%-ы кітап оқымайтын болып шықты. Оның ішінде бөріктілердің қарасы қалың. Жалпы есепте кітапқа зауқы соқпайтын жандардың ішінде ерлер 36,8% болса, әйелдер 27,7%-ды құраған. Қалған жандар күнде болмаса да, арагідік кітап парақтағанды теріс көрмейді, деп жазады Egemen.kz.
Кітап оқитын жастардың ішінде 20,3%-ы классикалық романдарды, 19,1%-ы заманауи романдарды, 16,3%-ы детективтерді, 14,8%-ы фантастика мен фэнтезиді, 14,7%-ы тарихи романдарды, 8%-ы поэзияны, 8%-ы отандық әдебиетті, 6,8%-ы ғылыми еңбектерді, 5,8%-ы триллерлерді, 3,9%-ы нон-фикшн жанрын, 0,4%-ы оқу бағдарламасына кіретін кітаптарды, 0,3%-ы діни әдебиетті, 0,1%-ы мақалалар мен әңгімелерді таңдаған.
Жыныстық айырмашылық тұрғысынан қарағанда:
-  классикалық романдарды – 14,6% ерлер, 26,3% әйелдер; 
-  заманауи романдарды – 12,8% ерлер, 25,8% әйелдер; 
-  детективтерді – 15,8% ерлер, 16,7% әйелдер; 
-  фантастика мен фэнтезиді – 13,5% ерлер, 16,1% әйелдер; 
-  тарихи романдарды – 15,1% ерлер, 14,2% әйелдер; 
-  триллерлерді – 5,3% ерлер, 6,3% әйелдер; 
-  нон-фикшнді – 4,6% ерлер, 3,2% әйелдер; 
-  поэзияны – 6% ерлер, 10% әйелдер; 
-  отандық әдебиетті – 8,6% ерлер, 7,4% әйелдер; 
-  ғылыми әдебиетті – 6,8% ерлер, 6,7% әйелдер; 
-  діни кітаптарды – 0,4% ерлер, 0,2% әйелдер; 
-  мақалаларды – 0,1% ерлер мен әйелдер; 
-  оқу бағдарламасындағы әдебиеттерді – 0,5% ерлер, 0,3% әйелдер оқитынын көрсеткен. 
 
                         
                                 
                                             
                                             
                                             
                                            