Алматыда Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың ән кешіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл туралы бүгін қалалық полиция департамені мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Алматыда полицейлер 2025 жылғы 31 қазанда қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстар атқаруда.

"Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – деді, полиция Департаментінде.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – мәдени-көрсетілім іс-шарасы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау екенін атап өтті.

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" маманы мемлекетті шамамен 4 млрд теңгеге алдап соғып, шетелге тайып тұрғанын жазғанбыз.