Материалдар мемлекеттік тілде және жабық түрде қаралады .
Жазда Павлодарда анасы екі баласын терезеден лақтырып, соңынан өзі секірген болатын. Іс қазір сотқа түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Материалдар мемлекеттік тілде және жабық түрде қаралады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылғы 30 шілдеде Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетова көшесіндегі үйде болған.
Оқиғадан кейін екі тәуліктен соң кенже бала көз жұмды, ал үлкен баланы дәрігерлер аман алып қалды. Оны екі аптадан кейін ауруханадан шығарып, әкесімен бірге ауылдық жерге көшіп кетті.
Балалардың анасы да тірі қалды, тамыз айының соңында ол ауруханадан шыққан соң оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазан айының ортасында полиция әйелге қатысты мәжбүрлі шара қолданып, оны Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырғанын хабарлады.
 
                         
                                            