Бүгін Самарқан қаласында ЮНЕСКО-ның 43-сессиясы басталды.

Бұл жиын ұйым тарихында тұңғыш рет сырт елде өткізіліп отыр. Шараға 3 мыңға жуық делегат пен 190 халықаралық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Екі аптаға созылатын сессияда ЮНЕСКО-ның алдағы жоспарлары мен мүше мемлекеттердің атқарып жатқан жұмыстары пысықталады. Мәдени ұйым алдағы уақытта цифрландыруға басымдық жасайды. Осы бағыттағы мемлекеттердің бастамаларына ЮНЕСКО тарапынан оң баға берілді. Еске салайық Қазақстанның мәдени мұралары цифрландырылып, музейлермен тарихи кешендер жайлы мағлұматтар жаңа форматқа көшірілді.

Мирасрор Ахроров, мәдениетттанушы /Тәжікстан/:

- Бұл сессия жыл сайын Париж қаласында ғана өтетін. Биыл Самарқанда ұйымдастырылып отыр. Әлбетте бұл шаһардың таңдалуы да бекер емес. Сан мыңжылдық тарихы бар қалада ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енген нысандар көп. Ұйымның бастамалары тарихи нысандарды сақтауға, оларды насихаттауға серпін береді деп ойлаймын.