Смарт-гид зағип жандарға жол көрсетеді.

Құрылғыда жасанды интеллект негізінде көру және кез келген тілді тану жүйесі жетілдірілген. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін таптырмас құрал болмақ. Яғни құрылғы дауыс арқылы жол сілтейді. Оны қолдану үшін бар болғаны кірген ғимараттың картасы еңгізілген кюар кодты сканерлеу қажет. Осылайша кедергілерді дауыс арқылы ескертіп, тоқтап немесе айналып өту жөнінде нұсқау береді. Сөйтіп, діттеген жеріңізге адастырмай жеткізеді. Инновациялық жоба «Қазақстан – академиялық білім аумағы» атты халықаралық форумда таныстырылды. Шара аясында үздік стартап иегерлері марапатталды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі:

- Екінші этапта бұл студенттерді біз жасанды интеллект стартаптарды. Яғни кәсіпкерлікті оқытамыз. Ол үшін атақты профессор Пол Ким Стэнфорд Университетінің профессорын шақырдық. Келесі жылдың қаңтарынан бастап сол екінші этапқа көшеміз. Үшінші, төртінші этапта бұл студенттерімізге қаржы беріледі және есептік қуаттылық беріледі. Яғни біздің қосылған ұлттық супер компютерларіміздің бір бөлігі осы студенттік жобаларға берілетін болды. Алғашқы нәтижелеріміз бізді қатты қуантып жатыр.

Сондай-ақ жасанды интеллект енді студенттерді әділ бағалауға көмектеседі. Бұл кезекті инновациялық жоба шәкірттерді Face ID жүйесі арқылы анықтап, олардың сабаққа қатысуын бақылайды. Сонымен қатар аралық бақылау мен емтихан нәтижелерін автоматты түрде шығарып береді. Студенттер емтиханды осы жүйе арқылы тапсырады.