69 адам тексеруден өтті.

Астанада пробациялық бақылаудағы сотталғандар арасында психоактивті заттарды медициналық емес мақсатта қолдану фактілерін анықтау жөнінде жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маманның қорытындысы бойынша олардың 12-сі тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталды.

"Сот қаулысымен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша аталған 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл шаралар қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, пробацияда жүрген азаматтардың заңға және салауатты өмір салтына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.