Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады