Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Даниял Шалқарбай Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 66 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.

Ақтық сында жерлесіміз өзбекстандық Саидхуджа Садиллахуджаевты жеңіп, алтыннан алқа тақты.