Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев бұрынғы сенатор Қайрат Қожамжаровтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, бұрынғы шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Тергеудің қорытындысын күтейік", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Бас прокурордың орынбасары Қайрат Қожамжаровтың орналасқан орны туралы дереу тергеу барысында анықталатынын жеткізді.
Айта кету керек, бұған дейін Қайрат Қожамжаров лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін жазғанбыз. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлаған еді.