Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт , білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа орынбасар ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері бағыттарына жетекшілік етеді.
Абзал Нүкенов 1978 жылғы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Бұған дейін Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінде, Әуезов ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығында қызмет атқарған. Кейін Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінде басшылық қызметтерде болған.
Соңғы тағайындауға дейін Абзал Нүкенов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарған.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза болды