Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылған, деп хабарлайды әкімнің кеңесшісіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ильзат Акчурин Telegram желісіндегі арнасында хабарлағандай, Абзал Нүкенов бұл қызметке Президент әкімшілігінің келісімі бойынша қала басшысы Дархан Сатыбалдының өкімімен тағайындалды.

Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін мәселелерін қадағалайды.

Осы уақытқа дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз