Әлеуметтік желілерде Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада қақтығыс кезінде қайтыс болды деген ақпарат тарады. Мәліметті елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің түсініктемесі:

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректер бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында ауызша жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу жүргізілуде".