Елордада Дүниежүзілік португал тілі күні атап өтілді, деп хабарлайды 24kz.
Атаулы мерекеге орай Ұлттық академиялық кітапханада Португалия мен Бразилия елшіліктерінің қатысуымен әдеби шара ұйымдастырылды. Кездесуге ақын, португал жазушысы Хосе Луиш Пейшоту онлайн қатысып, оқырмандарға өзінің шығармашылығы жайында баяндап берді. Артынша қазақ, орыс және португал тілдеріндегі 50-ден аса жинақ арнайы бұрышқа сыйға тартылды.
Айта кетсек, мұндай жиын осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – қос елдің әдебиеті мен мәдениетін жаңғырту, оқырмандар қатарын толықтыру.
Жозе Атаиде Амарал, Португалия миссиясының басшысы:
- Биыл Португалия алғаш рет кітап жәрмеңкесінде стенд ұсынды. Бұдан біз қазақстандық жастардың португал авторларының шығармаларына деген қызығушылығын көрдік. Бұл бізді қуантты. Енді Ұлттық кітапханада біздің әдебиеттер жинақталған бұрыш құру туралы шешім қабылдадық. Бүгін 50 кітап тарту еттік.