Қазір Австралия теңіз қауіпсіздігі басқармасы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

26 қазан күні Австралияның Үлкен Тосқауыл рифіне кіретін шағын Лайзард аралындағы жаяу жол маңынан егде жастағы әйелдің денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм – бір күн бұрын арал маңында болған Coral Adventurer круиз лайнерінің жолаушысы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

60 күнге созылған, шамамен 45 мың еуро тұратын круиз бағдарламасы аясында саяхатшыларға Лайзард аралына барып, снорклинг және хайкингпен айналысу ұсынылған. БАҚ хабарлауынша, жасы шамамен 80-дегі әйел аралдың ең биік нүктесіне дейін көтеріле алмағандықтан, кері – айлаққа қайтуды ұйғарған.

Алайда кеме оны қалдырып, кетіп қалғанын білген. Экипаж құрамы әйелдің жоқ екенін байқамай, лайнер жолға шығып кетсе керек. Аралда қалған жолаушы жалғыз саяхаттағандықтан, оның жоғалғанын ешкім бірден аңғармаған. Әйелдің жоқ екені тек кешкі ас кезінде белгілі болған. Түнге қарай құтқару қызметіне хабар беріліп, кеме аралға қайта бет алған.

Қазір Австралия теңіз қауіпсіздігі басқармасы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында Coral Adventurer экипажы сұралмақ: әйелдің өлім себебі, оны неге аралда қалдырып кеткені, не себепті іздеу шаралары кешіктірілгені және оны құтқару мүмкін болған-болмағаны анықталады.

Соған қарамастан, круиз өз бағыты бойынша жалғасатыны хабарланды.