Қазақстандық дзюдошы Інжу Сахабадин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасында қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Інжу моңғолиялық Цельмуун Ганчимэгпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.