АҚШ-тың Cан-Франциско қаласында тұңғыш Қазақ-Америка қауымдастығы құрылды.
Ұйым мүшелері Солтүстік Калифорния жұртына ұлттың дәстүрін, өнері мен тілін таныстыратын қазақ мәдениетінің елшілері болмақ. Іс-шараға еліміздің бас консулдығы, диаспора өкілдері мен америкалық азаматтар қатысты. Олар ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, қазақтың ән-күйін тыңдап, биін тамашалады. Түрлі салт-дәстүр рәсімдерімен де танысты. Қауымдастық көп ұзамай қазақ тілі үйірмесін ашып, Сан-Францискода қазақ киносының апталығын өткізбек. Естеріңізге сала кетейік, Калифорнияның оңтүстігіндегі Лос-Анжелесте аймақты қамтитын дәл осындай ұйым қазақ тілі мен мәдениетін дәріптеп келеді.
Жанна Атабекова, Кремний алқабы «Nomad Bridge» Қазақ-Америка қауымдастығының өкілі:
- Ассоциацияның басты мақсаты — қазақ отбасыларын біріктіру, ұлттық дәстүріміз бен тілімізді сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізу.
Дэниел Чанг, Сан-Хосе қаласының тұрғыны:
- Бұл іс-шарада қазақ қауымдастығының қандай екенін танып, қонақжай кең пейілін сезіндім. Көңіліміз көтеріңкі. Жиналған қауымның жылы шырайын баурап алды.
Таиса, Сан-Франциско тұрғыны:
- Туған еліңнен жырақта жүргенде осындай қолдаушы ұйымның болғаны өте маңызды. Себебі бейімделу әрқашан оңайға соқпайды. Сіздер үшін өте қуаныштымын.