Бүгінде бүлдіршін анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

Шымкентте бір жасар бүлдіршін 4 сантиметрлік шеге жұтып, ауруханаға түсті. Абырой болғанда, баланың тыныс ала алмай жатқанын анасы байқап, дер кезінде көмек шақырып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Аlmaty.tv-ға cілтеме жасап.

Дәрігерлер дереу тексеріс жүргізіп, оның көмейінен темір шегені алып шыққан. Дегенмен кішкентай науқастың жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Бала шұғыл түрде ота залына жеткізіліп, бронхоскопия процедурасы жасалды. Процедура барысында баланың кеңірдегінде бөгде заттың тұрғаны анықталып, ол эндоскопиялық қысқыштар арқылы алынды. Баланы бір күн реанимацияда бақылауда ұстадық, содан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды", – деді эндоскопист-дәрігер Бабур Рахманқұлов.