Мәжіліс депутаттары ТМД елдерінде алимент өндіру тетігін жетілдіру туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құжаттың толық атауы: "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы".
"Бұл заң жобасы сот актілерін орындау кезіндегі құқықтық анық еместікті жоюға және балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ТМД елдері арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот актілері осы мемлекеттердің аумағында танылады және орындалады", – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.
Оның айтуынша, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті бұл заң жобасын жұмысқа қабылдауға дайын. Депутаттар комитеттің ұсынысын қолдады.
Бұған дейін Ресей Қазақстаннан келетін тауарларды әкелуді жеңілдеткенін жазғанбыз.